Қытайдағы орман өрті: 5900 адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы орман өрті: 5900 адам қауіпсіз жерге көшірілді

18.03.2024

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, лапылдаған жалын әлі бақылауға алынған жоқ. Өрттің негізгі үш ошағын сөндіруге мыңнан астам адам жіберілді. Әзірге зардап шеккен құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бірақ 5900-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.


Хабарламаларға жазылу