Қытайдың Сычуань провинциясында нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Сычуань провинциясында нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді

27.06.2023

Қытайдың Сычуань провинциясында нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді. Бірнеше адам жоғалып кеткен. Мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апат болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Оған 400 адам жұмылдырылған. Дегенмен құтқару жұмыстарын жүргізу оңайға соқпай отыр. Себебі лай көшкен аумақ таулы жерде орналасқан.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу