«Титаниктің» қытайлық көшірмесі пайда болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Титаниктің» қытайлық көшірмесі пайда болмақ

14.01.2014
«Титаниктің» қытайлық көшірмесі пайда болмақ
Қытайдың Сычуань провинциясында әйгілі «Титаник» кемесінің  көшірмесі пайда болмақ. Ол туристерді тарту үшін сол аймақтағы өзендердің бірінің жағасына орналастырылады.
 
Жоба құрылысының негізгі жұмыстары «Wuchang Shipbuilding Industry Company Ltd» компаниясына тиесілі.
 
Жаңа кеме екі жылда тұрғызылады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары үшін шамамен миллиард юань жұмсалмақ.  
 
«South China Morning Post» басылымының хабарлауынша, жаңа кеме арқылы  Сычуань провинциясының  аз танылған Дэинг елді мекені  әлемдік туристік аймаққа айналады деп болжануда.

Хабарламаларға жазылу