Қытайда зілзала құрбандарының саны 20-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда зілзала құрбандарының саны 20-ға жетті

10.08.2017

Қытайдың Сычуань провинциясында қуаты 7 балдық зілзаладан қаза тапқандар саны 20-ға жетті. Бүгін түскен мәліметтерге сай, 431 адам жараланған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 10 мыңнан астам адам уақытша шатырларда тұрып жатыр. Бұл аймақ сәрсенбіде қуаты 6,6 балдық дүмпуден жапа шекті. Содан бері тұрғындар сусыз, жарықсыз, табиғи газсыз қалып, сыртпен байланысты үзген. Ал, жергілікті билік қайта қалпына келтіру жұмыстарына 5 млн. юань бөліп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу