Рохинджа мұсылмандары Мьянмаға қайта оралатын болады. Бангладеште мыңдаған адам елге қайтатын тізімде тұр. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлім етті. Жоспар бойынша алғашқы 2 мың рохинджа осы аптада қарашаның 15-нен бастап орала бастайды. Күніне шамамен 150 адам жіберіледі. Дегенмен, олардың көбі елге қайтқылары келмейді. Кейбіреулері тіпті, алғашқы тізімдегі рохинджалар тұратын Базар провинциясынан көрші ауылдарға қашып жатыр екен. Соңғы деректерге қарағанда, Мьянма мұсылмандарды күтіп алуға әзір. БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі агенттік болса, Мьянмада олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барын салатынын жеткізді.
Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың басынан бері Бангладешке еліндегі геноцидтен қашып барғандар саны 700 мыңнан асқан. Осы уақытқа дейін олар көрші елдегі лагерьлерде өмір сүріп келген еді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.