Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жастар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Бұл жолы 50-ге жуық белсенді кенттің шет аймағына шықты.
Жастар «Жаңақорған-Шалқия» тасжолының бойында қураған шөптерді жұлып, айналаны қоқыстан тазартты. Сондай-ақ жасыл желекке күтім жасап, ағаштарды суарды. Жалпы, ауданда эко-белсенділердің қатары артқан. Жергілікті тұрғындар да сенбіліктерге немқұрайлы қарамай, жастардың бастамасына үн қосып жатыр. Жыл басынан бері саябақтар мен тарихи ескерткіштер аумағы, су айдындарында тазалық шаралары ұйымдастырылып, мыңдаған тонна қоқыс шығарылды.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15