Норвегияда мұнай танкері мен фрегат соқтығысып, 8 адам жараланды. Оқиға Берген портының маңында болған. Соңғы деректерге қарағанда, әскери кеме НАТО-мен жүргізген жаттығудан оралып бара жатқан, оның бортында 137 адам болыпты. Күшті соққыдан кемеге су кіріп, экипаж дер кезінде эвакуацияланды. Болжамдарға қарағанда, танкерден мұнай төгілмеген, бірақ, бұл іс әлі тексеріліп жатыр. Апаттық жағдайға байланысты Equinor компаниясына тиесілі ірі экспорттық мұнай терминалы мен Kollsnes газ зауыты уақытша жабылған. Кей болжамдарға қарағанда, фрегат транспандеры өшірулі болғандықтан, танкер оны көрмей қалған болса керек.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.