Зимбабведе жолаушылар автобусының апатынан 47 адам қаза тапты
Зимбабведе екі автобус бір-біріне соғылып, 47 адам қаза тапты. Бұл туралы «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлап отыр. Құрбан болғандардың арасында 2 бала бар. Жараланғандардың саны 70-тен асты. Оқиға ел астанасы Харареден 170 шақырым қашықтықтағы Русапе қаласында болған. Жол апаты жүк көлігін озып өтпек болған жүргізушінің кесірінен болған. Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, зардап шеккендердің көбі ауыр халде жатыр.
Айта кетсек, Зимбабведе жолаушылар автобустары апатқа жиі ұшырайды. Әдетте бұған жолдардың нашарлығы мен жүргізушілердің жол ережесін бұзуы себеп.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00