Сауд Арабиясының ханзадасы: Джамаль Хашогги «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшесі болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясының ханзадасы: Джамаль Хашогги «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшесі болған

02.11.2018

Сауд Арабиясының ханзадасы өлтірілген журналист Джамаль Хашогги «Мұсылман бауырлар» трансұлттық исламшыл ұйымының мүшесі болды деп есептейді. Тақ мұрагері бұл туралы АҚШ өкілдеріне, дәлірек айтсақ, президент Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер мен өзге де бірқатар тұлғаларға телефон арқылы айтқан. Дегенмен, марқұм Хашоггидің туыстары журналистің «Мұсылман бауырлар» қозғалысына мүше болғанын жоққа шығарып, ханзаданың мәлімдемесін күлкілі деп атады.

Айта кетсек, қазанның 2-де Корольдіктің Түркиядағы консулдығына кіргеннен кейін өлтірілген Хашоггидің денесі әлі күнге дейін табылған жоқ.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу