Саудиялық журналистің өліміне қатысты сот процесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саудиялық журналистің өліміне қатысты сот процесі басталды

03.07.2020

Түркияда саудиялық журналисті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған 20 адамға қатысты сот процесі басталды. Джамал Хашогги 2018 жылы қазанда Сауд Арабиясының Ыстанбұлдағы консулдығында мерт болған. Бұл оқиғаға байланысты корольдік үкіметі 5 адамды өлім жазасына кесіп, үшеуін түрмеге қамаған еді. Дегенмен, жауапқа тартылғандардың ішінде осы қылмысты ұйымастырды деген ханзаданың кеңесшісі Сауд әл-Кахтани мен Саудия барлау агенттігі бұрынғы басшысының орынбасары Ахмад әл-Асири жоқ. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу