«Әл-Жазираның» журналистері 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әл-Жазираның» журналистері 7 жылға сотталды

24.06.2014
 «Әл-Жазираның» журналистері 7 жылға сотталды
Египет соты Катардың «әл-Жазира» телекомпаниясының 3 журналисін 7 жылға соттап жіберді.
 
Оларға «жалған хабар таратып, террористік ұйымға көмектесті», деген айып тағылған.
 
Нақтырақ айтсақ, Мысыр үкіметінің ойынша, репортерлер «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүддесіне қызмет еткен. 
 
Алайда, тілшілер мұнымен келіспейді. Олардың пікірінше,  сот үкімінің саяси астары бар.
 
«Мұсылман бауырлар» биліктен былтыр шілде айында аластатылды.
 
Содан кейін «әл-Жазираның» Каирдегі бюросында тінту жүргізіліп, бірнеше журналист тұтқындалған болатын.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу