Ерлан Ыдырысов Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда және индустрия министрі Тауфик ар-Рабиамен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Ыдырысов Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда және индустрия министрі Тауфик ар-Рабиамен кездесті

14.05.2015
Ерлан Ыдырысов Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда және индустрия министрі Тауфик ар-Рабиамен кездесті

Еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда және индустрия министрі Тауфик ар-Рабиамен кездесті.

Тараптар алдағы уақытта сауда-экономикалық, ядролық және жаңармалы энергетика, мұнай химиясы, көлік салаларында инвестициялық ынтымақтастықты нығайтпақ. 

Осы орайда екі ел кәсіпкерлерінің бірлескен отырысын биыл өткізуге келісті.

Сыртқы саяси құрылым басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясының халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсас екенін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Сауд Арабиясын араб және мұсылман әлемінде маңызды серіктес ретінде қарастыратынын да атап өтті.  

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу