Стамбұлда бір жыл бұрын өлтірілген сауд журналисі Жамал Хашоггиді еске алу шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлда бір жыл бұрын өлтірілген сауд журналисі Жамал Хашоггиді еске алу шарасы өтті

06.10.2019

Ыстамбұлда бір жыл бұрын өлтірілген сауд журналисі Жамал Хашоггиді еске алу шарасы өтті.  

Шара сұмдық оқиға болған консулдық ғимаратына қарсы бетте ұйымдастырылды. Бір жыл бұрын, консулдыққа кіріп бір жапырақ анықтама алмақ болған болашақ күйеуін далада сағаттап тосып, шықпағасын жанұшырып дабыл қаққан Хатидже Дженгиз «Мен оның денесінің қайда екенін білгім келеді, мен билік басындағылардың әрекеті үшін жауапқа тартылғанын қалаймын» деп ашына сөйлеген. Бұл шараға аяқ астынан Джефф Безос қатысты. Әлемдегі ірі миллиардерлердің бірі, Атақты Amazon компаниясының негізін қалаушы, Washington Post баспа үйінің қожайыны. Аталған басылымға Хашогги мақала жазып тұрған. Сауд Арабиясының тақ мұрагерін сынап.

Миллиардер Хатиджеге: «Сіздің бастан кешкеніңізді ешкімнің басына бермесін... Сіз біздің жүрегіміздесіз, сіз жалғыз емессіз!» деп, құшағына қысқан. Сауд билігін сынап, ақыры өлтіріліп, бірақ денесі әлі табылмаған Жамал Хашоггидің қалай құрбан болғаны туралы БИ БИ СИ осы аптада фильм ұсынды, атауынан жан түршігеді: «өлікті сойғанда музыка қосып қоямын»... 


Хабарламаларға жазылу