Сауд Арабиясындағы қайғылы оқиғаға аптап ыстық себеп болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясындағы қайғылы оқиғаға аптап ыстық себеп болған

25.09.2015
 Сауд Арабиясындағы қайғылы оқиғаға аптап ыстық себеп болған

Сауд билігі Мина жазығында болған қайғылы жағдайдың орын алу себептерін анықтау жөнінде арнайы комиссия құрған. Сауд Арабиясының полиция, қауіпсіздік күштері, азаматтық қауіпсіздік және қажылық кезінде қауіпсіздік мәселесімен айналысатын өзге де органдардың басшылығының қатысуымен өткен мәжіліс барысында осындай шешім қабылданған.   

Ресейдің ТАСС агенттігінің жазуынша, Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрі Халед әл-Фалех Мекка қаласының Мина жазығындағы қайғылы жағдайға қажылыққа атқаруға келген кейбір азаматтардың алдын ала белгіленген ережелерді бұзуы да себеп болғандығын айтып отыр. Нақтырақ айтқанда, қажылық жасаушылардың басым бөлігі мінажат ету үшін жолға алдын ала белгіленген уақыттан бұрын шығып кеткен.      

Меккедегі қайғылы оқиғалардың салдарынан 700-ден астам адам мерт болып, 860 адам зардап шекті.  

 

Хабарламаларға жазылу