Италия астанасы Римде қоғамдық көлік қызметкерлері 24 сағаттық ереуілге шықты. Соның кесірінен жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай әбден әбігерге түскен. Жұмысшылар еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр. Акцияға қалалық және аймақтық қоғамдық көлік жұмысшылары және кәсіподақ мүшелері қатысқан. Ал, римдіктердің кейбірі бұл акцияны қолдаса, кейбірі тұрғындардың күнделікті тірлігіне кедергі келгеніне наразы. Ереуіл нәтижесінде, қарашаның 10-да мемлекеттік қоғамдық көліктерді басқаратын компанияны жекешелендіру мәселесі референдумға салынатын болды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.