Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози өзіне қарсы соттың басталуынан қорғана алмады. Бүгін оның бұл процесті доғару туралы апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.
Экс-президентке 2012 жылы өзі үшін сәтсіз аяқталған сайлау науқанын заңсыз қаржыландырды деген айып тағылды. Сонымен қатар, бұл іс бойынша тағы 13 адам жауап беруі тиіс.
Тергеушілердің мәліметінше, Саркозидің сайлау кампаниясына жұмсалған қаражат рұқсат етілген меже - 22,5 млн еуродан асып кетіп, 40 млн. еуроға жеткен.
Сондай-ақ, бұрынғы мемлекет басшысы прокурорға пара берді және тергеуге қысым көрсетті деген мәлімет бар. Бұған қоса, Николя Саркозиге 2007 жылы ливиялық диктатор Муаммар Каддафиден заңсыз ақша алды деген кінә да тағылып отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.