Мыңдаған мигрант АҚШ-қа аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мыңдаған мигрант АҚШ-қа аттанды

22.10.2018

Президент Дональд Трамптың қарсылығына қарамастан, Құрама Штаттарға Орталық Америка елдерінен мыңдаған мигрант аттанды. Босқындардың көбі – гондурастықтар. Олар ең алдымен Гватемалаға өтіп, содан кейін Мексика аумағына кірді. Көпшілігі жаяу жүріп әбден қажыған. Мигранттар жергілікті үкімет ұсынған автобустарға мінуден бас тартып отыр. Өйткені, полицейлер кері қайтарып жібереді деп қауіптенеді.

Трамп АҚШ-Мексика шекарасын жабатынын ескертті. Соған қарамастан, өз елдеріндегі коррупциядан, кедейшіліктен, зорлық-зомбылық пен қылмыстан қашқан адамдардың көбі Солтүстікке сапарын тоқтатпай отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу