Мексика арқылы АҚШ-қа мигранттардың екінші көші аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексика арқылы АҚШ-қа мигранттардың екінші көші аттанды

05.11.2018

Олар апта бойы жаяу жүріп, елдің оңтүстігіндегі Чьяпас штатының Арриадж қаласы маңына жеткен. Жергілікті үкіметтің мәліметінше, Мексика жерімен Америка Құрама Штаттарына кемінде үш көш кетіп барады. Олардың әрқайсында - 3-4 мың адам.

Дегенмен, президент Дональд Трамп Орталық Америка елдеріндегі зорлық-зомбылық пен кедейшіліктен қашқан босқындарды АҚШ аумағына кіргізбек емес. Сондықтан, Ақ үй басшысы жақында Мексика шекарасына 5 мыңнан астам жауынгер жөнелтті.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу