Мексикада АҚШ-қа өтпек болған 600-дей мигрант тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада АҚШ-қа өтпек болған 600-дей мигрант тұтқындалды

22.11.2018

Орталық Америкадан келген босқындар керуені шекара жанындағы Чьяпас штатында ұсталған. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, олар Мексикаға Сучиан өзені арқылы жеткен. Кейбіреулеріннің құжаттарын тексеру жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Жергілікті билік өкілдерінің деректеріне сүйенсек, шамамен 10 мыңға жуық орталықкамерикалық Мексика арқылы Құрама Штаттар аумағына енбек. Ал, Пентагон басшысының мәлімдеуінше, АҚШ әскеріне оңтүстіктегі шекарада мигранттарға қарсы қару қолдануға рұқсат берілді.

Айта кетсек, бұл мигранттардың көбі Гондурас пен Сальвадордағы кедейшілік пен зорлық-зомбылықтардан, коррупция мен қылмыстан қашқан жандар.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу