АҚШ-қа Мексикадан мигранттар керуені кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-қа Мексикадан мигранттар керуені кірді

04.05.2018

АҚШ-қа Орталық Америкадан мигранттардың ондаған керуені кірді. Олардың көбі - Гондурас, Сальвадор және Гватемаладан.

Өз елдеріндегі қылмыстық топтардың зорлық-зомбылығынан, саяси тұрақсыздық пен экономикалық қиындықтардан қажыған жандар Құрама Штаттардан пана табуды армандайды.

Сәуірдің 30-нан 140 мигрант АҚШ-қа кіруге рұқсат алған. Шекарадан өтерде әсіресе, балалар мен әйелдерге басымдық беріледі. Дегенмен, оларда Америкада тұрақтап қалуға мүмкіндік аз, яғни, елдеріне қайта депортациялануы мүмкін.

Мигранттар АҚШ-қа Мексика арқылы өтіп жатыр. Бұған дейін Ақ үй Мексикадан бұл керуенді тоқтатуды талап еткен болатын. Дегенмен, кейін Трамп әкімшілігі америкалық және халықаралық заңнамаларға сай, шетелдік азаматтардың пана беру туралы өтініш білдірулеріне тыйым сала алмайтынын мойындады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу