Париждің орталық көшелерінде мыңдаған зейнеткер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждің орталық көшелерінде мыңдаған зейнеткер шеруге шықты

19.10.2018

Париждің орталық көшелерінде мыңдаған зейнеткердің қатысуымен шеру өтті. Демонстранттар ел президенті Эммануэль Макронның жаңа реформаларына қарсылық білдірді. Өзгерістерге сәйкес, салық өсіп, жұрттың зейнетақысы мен жалақысынан ұсталатын ақша мөлшері көбеймек. Елде инфляция өсіп жатса да, 2019-2020 жылы зейнетақы көлемі тек 0,3 пайызға артады екен. Осылайша, Макрон зейнеткерлердің сенімін ақтамай отыр. Себебі, дәл осы саясаткерге кезінде президенттік сайлауда көп дауыс жинауға зейнеткерлер үлкен үлес қосып еді. Соңғы деректер бойынша, зейнеткерлердің төртеуінің 3-еуі сайлауда Макронға дауыс беріпті.

Шеру ұйымдастырушылардың сөзінше, демонстрацияға 15 мың зейнеткер қатысты. Бірақ, полицияның санағы бойынша, олардың саны 5 мың шамасында болған.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу