Қалың жұрт осылайша өңірде жыл сайын өтетін жиынға келген Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк лидерлеріне қарсылық білдіріп жатыр. Әдетте мұндай конференция дамушы елдерге экономикалық көмек беру жоспарларын талқылау үшін өтеді.
Дегенмен, жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл халықаралық ұйымдардың шарттары қарапайым халыққа кері әсерін тигізіп, Индонезия ғана емес, басқа да әлем елдеріндегі халықтың әлеуметтік жағдайын одан бетер құлдыратып жібереді.
«Қазір Танджунг Беноа жағажайына инвесторлар мен туристердің көптеп келуі қоршаған ортаға залал келтіріп жатыр», - дейді демонстранттар. Индонезия билігі инфрақұрылым жобаларына қатысты 13,6 млдр. доллардың келісім шартына қол қоймақ.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.