Ресейдің оңтүстігінде мыңдаған адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің оңтүстігінде мыңдаған адам шеруге шықты

05.10.2018

Халық наразылығына Ингушетия парламентінің Шешенстанмен шекара орнату туралы шешім қабылдағаны түрткі болды. Соңғы деректер бойынша, Магас қаласында  жолдар жабылып, интернет жұмыс істемей қалған. Наразы жұрт жергілікті парламент үйінің алдына жиналып, қарсылықтарын білдірген. Тәртіп сақшылары жиналған жұртты тарату үшін қару қолданбақ болған. Ингушетия басшысының кеңесшісі Артем Перехристтің мәлімдеуінше, шекара ратификациясына жиынға қатысқан 25 депутаттың 17-сі қолдап дауыс берген. 3-еуі қарсы болып, қалғандары дауыс бермеген. 

Демонстранттармен ортақ мәмілеге келу үшін делегация депутаттары шыққан бетте, аспанға оқ атылып, гвардия қызметкерлері шенеуніктерді қайта ғимараттың ішіне алып кетуге мәжбүр болды.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу