Toyota мен SoftBank жүргізушісіз көлік қызметін дамытпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Toyota мен SoftBank жүргізушісіз көлік қызметін дамытпақ

04.10.2018

Жапонияда Toyota және Soft Bank компаниялары бірлесіп, жүргізушісіз көлік қызметін дамытпақ. Бұл турасында екі жақтың өкілдері Токиода өткен баспасөз маслихатында мәлім етті.

Олар бірігіп құратын кәсіпорын Monet Technolgies деп аталады. Ол компания келесі жылы наурызда жұмысын бастап, жүргізушісіз машиналармен қызмет көрсету, тағамды жолда дайындап, клиенттерге жеткізу, шаттл-автобустармен жүріп науқастарды емдеу тәрізді кәсіппен айналыспақ.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу