Toyota Жапониядағы өндірісті 6 күнге тоқтататын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Toyota Жапониядағы өндірісті 6 күнге тоқтататын болды

01.02.2016
Toyota Жапониядағы өндірісті 6 күнге тоқтататын болды

Жапонияның ең ірі концерндерінің бірі Toyota Motor 8-ақпаннан бастап Жапониядағы 9 кәсіпорнындағы өндірісті 6 күнге тоқтатады. Бұл туралы компанияның бапасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.

1 ақпаннан бастап, Toyota зауыттардың қызметкерлеріне белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеуге тыйым салды. 


Ал, Aichi Steel компаниясындағы жарылыс 8 қаңтар күні болды. Жарылыстың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда, өндіріс желістерінің біріне қатты зақым келді. Оны жөндеу жұмыстары тек наурыз айында аяқталады. Компанияның өзге өндіріс ошақтарында өнім мен өзге құрыш өндіретін зауыттардан тасымал көлемі арта түскенімен, Toyota бұрынғы деңгейде өнім өндіруде қиындықтарға тап болып отыр.

Жапонияда аталмыш компанияға автомобильдер мен оның бөлшектерін шығаратын 16 кәсіпорын тиесілі. Күніне конвейерлерден Toyota маркілі көліктердің 13-14 мыңы шығып жатады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша,  Toyota сатылған көліктер жағынан алдыңғы орында тұр.  Компания таратқан мәліметтер бойынша, өткен жылы ұжым 10,15 млн автомобиль таратқан. 2016 жылы концерн әлем бойынша  10,2 млн көлік шығаруды жоспарлап отыр. Оның 4 миллионы шамамен Жапонияда шығады, деп хабарлады tass.ru.

Хабарламаларға жазылу