Францияда жүргізушісіз жүретін көлік таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда жүргізушісіз жүретін көлік таныстырылды

09.11.2017

Францияның «Навия» технологиялық компаниясы  жүргізушісіз автомобилін алғаш рет таныстырды. Өздігінен қозғалатын 6 адамдық көлікте  жүргізушіге орын қарастырылмаған. Ол жаппай нарыққа 2018 жылдың басында шығарылады.

«Автономдық кабина» деп аталатын жаңа көлік жылдамдығын сағатына 55 шақырымға дейін арттыра алады. Бағасы 250 мың еуроға бағаланып отыр. Сарапшылардың болжамынша, болашақта мұндай машиналар өндірісінің көлемі артып, олар жол-көлік апаты құрбандарының санын азайтуға мүмкіндік бермек.      

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу