Қазақстан мен Румыния Транскаспий көлік дәлізін бірігіп дамытпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Румыния Транскаспий көлік дәлізін бірігіп дамытпақ

02.02.2024

Қазақстан мен Румыния Транскаспий халықаралық көлік маршрутын одан әрі дамыту бойынша ынтымақты күшейтпек. Екі елдің көлік министрлері Бухарестегі кездесуде осыған уағдаласты. Сондай-ақ, еліміздің көлік министрлігі Румынияның азаматтық авиация қауіпсіздігін тергеу басқармасымен авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат ұшу қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге және еуропалық стандарттарға сәйкес қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сапар аясында көлік министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Констанца портындағы көлік-логистикалық бизнес форумға қатысты.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу