«Toyota» жасанды интеллекті бар робомобильді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Toyota» жасанды интеллекті бар робомобильді ұсынды

05.01.2017
Жапондық «Toyota» концерні жасанды интеллект және сандық дисплейі бар ерекше көлікті назарға ұсынды. Концепт-кар Лас-Вегастағы дәстүрлі тұрмыстық электроника көрмесінде көрсетілді. Жүргізушісіз қозғалатын машинаның іші мен сырты, дискілері жарық экрандармен жабдықталған.

Ал, қауіпті жағдай бола қалса, жасанды интеллект робомобильді автоматты басқарудан жүргізушінің бақылауына көшіре алады.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу