Польшада 20 мыңға жуық адам шеруге шықты. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, демонстрация ел астанасы Варшавада өтті. Шеруге негізінен полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен әскерилер қатысқан. Митингке шыққандар үкіметтен жұмысшыларға қолайлы жағдай жасап, жалақыны өсіруді талап етіп отыр. Түрлі ұрандар айтқан шерушілер орталық көшелермен жүріп, үкімет үйінің алдына жиналды.
Демонстранттар, мемлекет басшылары экономиканы көтеруге, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөліп отырған жоқ. Керісінше, қажетсіз шығындарға ұшырап, елде жемқорлық өршіп барады, деп шағымданды. Бұл соңғы он жылда мемлекеттік орган қызметкерлерінің ең ауқымды шеруі болып отыр. Халықтың толқуы қазанның 21-іне жоспарланған сайлау қарсаңында өтіп жатқаны бекер емес.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.