Индонезияның Палу қаласында жанармай станциялары тоналып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияның Палу қаласында жанармай станциялары тоналып жатыр

02.10.2018

Индонезияның Палу қаласында зілзаладан қираған жанармай станциялары тоналып жатыр. Соңғы деректер бойынша тұрғындар қала сыртында орналасқан Pertamina бекетінде түк қалдырмаған. Адамдар, тіпті, қоймаға дейін тауып алып, бензинді пластик бөтелкелерге құйып қашып жатыр.

Халық үкіметтен еш көмек алған жоқпыз, сондықтан, мұндай әрекетке баруға мәжбүрміз деп шағымданды. Осыған байланысты полиция маңайдағы дүкендерде қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.

Естеріңізге салсақ, бес күн бұрын Индонезияда 7,5 баллдық жер сілкінісі мен қуаты күшті цунами 1234 адамның өмірін қиды. Құрбандар саны күннен-күнге өсіп келеді. Ал, 50 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу