Жапонияда «Трами» тайфунынан 750 мың үй жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда «Трами» тайфунынан 750 мың үй жарықсыз қалды

01.10.2018

Жапонияға «Трами» тайфуны ауыр соққы беріп, 2 адам қаза тапты. 120-дан астамы жараланған. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, табиғи апаттан, әсіресе, Осака қаласының батыс аудандары зардап шекті. Күшті дауыл ел астанасы Токиоға да соққы берген. 

Дүлей дауыл жергілікті уақытпен сағат кешкі сегізде басталған. Екпінді желдің жылдамдығы сағатына 216 шақырымға жетті. Жолдарда ағаштар құлап, көлік қозғалысы да тежелді. Тайфун салдарынан әуе қатынасы қиындап, пойыздар жолға шыға алмай, мыңдаған жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Қолда бар деректер бойынша, 750 мың үй жарықсыз қалған. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл соңғы 25 жылдағы ең қуатты тайфун болып отыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу