Барселонада шеру соңы қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада шеру соңы қақтығысқа ұласты

01.10.2018

Испанияның Барселона қаласында шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласып, ондаған адам тұтқындалды. Бұл туралы «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлап отыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, тәуелсіздік жақтастары полицияға тас лақтырып, қарсы оппонентерге бояуы бар қаптар шашқан. Қамауға алынғандарға полицияға қарсы шабуыл жасады деген айып тағылды.

Естеріңізге салсақ, былтыр қазанның 1-і күні Каталонияда тәуелсіздік туралы референдум өтіп, электораттың 90 пайыздан астамы провинцияның тәуелсіздігін қолдап дауыс берген еді. Дегенмен, ресми Мадрид референдум нәтижесін жоққа шығарып, өңірдегі парламентті таратып жіберген. Содан бері Каталонияны Испания билігі тікелей басқарып отыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу