Ұлыбританияны Еуропалық Одақта қалдыруды қолдайтындар саны 52 пайызға жетті. Бұл – алдын ала сауалнама нәтижесі. Егер «Брексит» жөнінде референдум қайта өтсе, болжам бойынша 48 пайызы одақтан шығуға, ал, 52 пайызы онда қалуға дауыс беруі мүмкін. Дегенмен, мұның 2016 жылғы көрсеткіштен үлкен айырмашылығы жоқ.
Елде «Брекситке» қарсы шерулер легі тыйылар емес. Мәселен, таяуда ғана одақ туын ұстаған демонстранттар Лондонда парламент үйінің алдына жиналып, референдумды қайта өткізуді талап етті. Кей сарапшылардың пайымдауынша, өткен жолы дауыс бермегендер бұл жолы белсенділік танытуы мүмкін.
Лондон мен Брюссель болса, премьер-министр Тереза Мэйдің Еуропалық Одақтан шығу туралы жоспарын қабылдамай отыр.
Айта кетейік, Британия 2019 жылы наурыздың 29-да бұл блоктан шығуы керек. Дегенмен, бірқатар сарапшылардың ойынша, «Брексит» болашақта елдің экономикалық және саяси жағдайын нашарлатып жібермек.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.