ТМД елдері басшыларының саммиті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдері басшыларының саммиті өтеді

27.09.2018

Тәжікстан астанасы – Душанбе ТМД елдері басшыларының саммитіне дайындық үстінде. Бүгіннен бастап қалаға мемлекет жетекшілері келе бастайды. Ертең басталатын алқалы жиында елдер арасындағы экономикалық қатынас, сауда-экономикалық байланыстар талқыланбақ.

Сондай-ақ, ұйымға мүше мемлекеттер қазір жаһанда өршіп тұрған геосаяси, әскери, санкциялық қауіп-қатерлерге қатысты түйткілдерді қозғайды деп жоспарланып отыр. Тәжікстан сарапшылары Душанбеде өтетін басқосудың мән-маңызын ерекше атауда.

Олар ТМД саммиті ашық пікір алмасу алаңына айналғандығын баса айтып отыр. Ұйым құрылғалы бері 27 жылдың ішінде өткен саммиттердің нәтижесін саралаған мамандар биылғы жиында да өзекті мәселелерге шешімдер айтылады деген сенімде.

Рахмон Улмасов, Ресей-тәжік славян университетінің профессоры:

-ТМД-ға қатысты түрлі пікірлер айтылады. Қарама-қайшы ойлар да бар. Алайда менің жеке пікірім, бұл ұйымның маңызы зор. Мемлекет басшылары бас қоса отырып, әлемдегі маңызды мәселелерге қатысты пікірлерін ашық айтып, ой бөліседі. Түйткілдерді шешудің тиімді жолдары мен оңтайлы тәсілдерін айтады. Душанбеде өтетін саммит ТМД-ның алдағы жұмыс жоспарын, бағыт-бағдарын тағы да нақтылай түспек.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу