Скрипальдарды улады деген күдікті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Скрипальдарды улады деген күдікті табылды

27.09.2018

Ұлыбританияда Сергей Скрипальды улады деген бір күдікті анықталды. Алдында оның Руслан Боширов екені хабарланған-ды. Соңғы  мәліметке қарағанда, оның шын аты  Анатолий Чепига болып шықты. Бұл азамат - Ресей мемлекеттік барлау басқармасының полковнигі.

«BBC»-дің дерегінше, 39 жастағы Чепига Амур облысында Николаевка ауылында дүниеге келген.  Ал, 2010 жылы күдікті Мәскеуге әйелімен, ұлымен көшіп барған. 

Әзірге Ұлыбритания билігі бұл мәселе жайлы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен, «BBC»-дің  өзге бір ақпаратына жүгінсек, Боширов осы Чепига екенінде күмән жоқ.

Естеріңізге салсақ, Мемлекеттік барлау басқармасының бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия биыл наурыз айында Ұлыбританияның Солсбери қаласында «новичок» затынан уланды. Лондон бұл қылмысты ресейлік Александр Петров пен Руслан Боширов жасады деп есептейді. Алайда, Кремль мұны үнемі жоққа шығарып, ол оқиғаға өзінің қатысы жоқ екенін мәлімдеп келеді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу