Мәскеуде жүргізушісіз қозғалатын автобус көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде жүргізушісіз қозғалатын автобус көрсетілді

27.09.2018

Мәскеуде жүргізушісіз қозғалатын автобус жұрт назарына ұсынылды. Бұл жаңа электр машина «КамАЗ» атты жүк көлігін өндіруші кәсіпорынмен  бірігіп шығарылған. Өндірушілердің мәлімдеуінше, ол өздігінен жүре алады, бірақ оны арнайы орталықтан басқару қажет.

Трансфер сыйымдылығы 12 жолаушыға дейін. Ал жылдамдығы сағатына 110 шақырымға дейін жетеді.  Соңғы деректер бойынша, онда жаңа технология жетістігі 5G навигациясы пайдаланылады. Осылайша, автобустың қай бағытта қозғалып жатқаны толық қадағаланбақ.

Сондай-ақ, осындай көліктер арқылы орталық мекеме жолда болып жатқан жағдай туралы ақпаратты біліп отырады. Сондықтан, көліктер үнемі байланыста болады екен. Ал егер де байланыс үзіліп жатса, машинаның дөңгелектері жүрмей тоқтап қалады. Өндірушілердің сөзінше, бұл қауіпсіздікті сақтау үшін өте қажет. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу