Сирияда жоғалған ұшақ үшін Мәскеу Израильді айыптап отыр. Бұл турасында Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлім етті. Оқыс оқиғадан 15 адам қаза тапқан. Конашенков израильдықтардың бұл әрекетін қастандық жасау мен арандатушылық деп сипаттады.
Естеріңізге салсақ, Сирияда Ресейдің ИЛ-20 деген ұшағы бортындағы 15 адамымен радар экранынан жоғалып кеткен. Бұл оқиға Израиль мен Франция күштері осы елде нысандарға шабуыл жасаған сәтте болған. Ал, АҚШ өкілдерінің мәлімдеуінше, электрондық барлауға пайдаланылған әуе машинасын Сирия армиясының артиллериясы абайсызда атып түсірді. Дегенмен, ресми Дамасктің мәлімдеуінше, Ресейдің әуе базасының маңында орналасқан Латакия қаласына «жаудың зымырандары» шабуыл жасаған. Оларды үкімет әскері жауапсыз қалдырмапты.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.