Түркияда қайық аударылып, 2 мигрант қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда қайық аударылып, 2 мигрант қаза тапты

17.09.2018

Бүгін Түркияда 19 мигрант мінген қайық аударылды. Апаттан екі адам қаза тапқан. Оқиға елдің оңтүстік-батыс жағалауында болды. Құрдымға кеткен су көлігінен 16 адам құтқарылып, бір әйел жоғалып кеткен. Қайықта болғандар - Ирак пен Сирия азаматтары. Жалпы, жыл басынан бері Түркия жағалауында 65 заңсыз мигрант қаза тапқан. Бұл мәлімет осы елдің жағалау қызметінің веб-сайтынан алынды. 2015 жылы Түркия Таяу Шығыс пен Африка мигранттарының Еуропаға баратын пунктіне айналған еді. Ал, 2016 жылы Анкара мен Еуропа Одағы арасындағы келісімге орай, осы бағдар арқылы өтетін босқындардың саны күрт азайды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу