Палестиналықтар Израиль қауіпсіздік күштерімен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Палестиналықтар Израиль қауіпсіздік күштерімен қақтығысты

14.09.2018

Иордан өзенінің батыс жағалауында палестиналықтар Израиль қауіпсіздік күштерімен қақтығысты. Себебі, Израиль үкіметі осы аудандағы бәдәуилердің Хан әл-Ахмар деген ауылын сырылатын елді мекендер тізіміне қосқан. Сондай-ақ, сол жерге бульдозер жіберіліп отыр.

Жанжал кезінде жолды бөгеді, тәртіп бұзды деген себеппен бірнеше шеруші тұтқындалды.

Израиль бұл ауылды бұзып, онда тұратын 180 бәдәуиді 12 шақырым қашықтыққа көшіруді жоспарлап отыр. Осы әрекеті үшін Израиль Еуропа мемлекеттерінің де сынына ұшырады. Өйткені, палестиналықтарды жерінен айыру - аймақта бейбітшілік орнату процесіне үлкен кедергі.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу