БҰҰ Израиль мен Палестинаны бітімге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Израиль мен Палестинаны бітімге шақырды

13.07.2014
БҰҰ Израиль мен Палестинаны бітімге шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі бейбіт адамдарға қауіп төндіргені үшін Израиль мен Палестина арасындағы атысты тоқтауға шақырды, деп хабарлайды «Рейтер» агенттігі.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері 2012 жылы қол жеткізген екі ел арасындағы атысты тоқтату туралы келісімге қайта оралуға, қақтығысты азайтуға, бітімге келуге шақырады» делінген құжатта.

12 шілде, сенбі күнгі мәлімет бойынша, палестиналық 121 адам қайтыс болып, 700-ден астам адам жараланған.

«Израиль азаматтарына тыныштық келмейінше, біз ұрысты жалғастыра береміз», - деген болатын Израиль Премьер-министрі Бинямин Нетаньяху Қорғаныс министрлігінде өткен кезекті кездесуде.

Хабарламаларға жазылу