Таяу Шығыста шерушілер әскерилермен қақтығысты

02.10.2018

Таяу Шығыста палестиналықтар шеруге шықты. Митингілер Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Лахия қаласында, Израильдің Джатт қаласында өтіп жатыр. Ал, Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Хевронда араб жастары еврей сарбаздарымен қақтығысты.

Палестиналықтар шілдеде қабылданған Израиль мемлекетінің еврейлік сипаты туралы заңға қарсы. Ол құжатта Израиль еврейлердің ұлттық мемлекеті, Иерусалим - астанасы, иврит - мемлекеттік тілі деп айқындалып, араб тіліне тек айрықша мәртебе берілген. Бұған қоса, аймақта еврей қоныстарын көбейту жолдары қарастырылып жатыр. Ал, Израильдің 9 миллион тұрғынының 5 пайызын құрайтын арабтар болса, даулы заңды жоюды талап етіп жатыр. Сондай-ақ, олардың көбі Израильде өздерінің екінші деңгейдегі азаматтар ретінде саналатынына ашулы.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу