Иерусалимде жараланған палестиналықтар саны 152-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иерусалимде жараланған палестиналықтар саны 152-ге жетті

16.04.2022

Иерусалимнің әйгілі әл-Ақса мешітінде Израиль қауіпсіздік күштерімен қақтығысып, жараланған палестиналықтар саны 152-ге жетті. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр. Болжамдарға қарағанда, Израиль мешіт маңына полиция қызметкерлерін әкеліп, жанжал басталған. Алайда, ресми Тель-Авивтің мәлімдеуінше, жағдайдың ушығуына палестиналық жастардың Палестинаны азат ету ұйымы мен «Хамас» тобының туларын көтеріп, израильдіктерге тас лақтырмақ болған. Израиль премьер-министрі полиция жүздеген палестиналықты ұстады деп хабарлады. «Хамас» болса, Израильден жұма күні ұсталған 500-ге жуық адамды босатуды, еврей топтарының әл-Ақса мешітіне «арандатушылық ниетпен баруын» тоқтатуды және Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қалаларға әскери шабуылдарды тоқтатуды талап етті.

Арыстан Рысбек 

Хабарламаларға жазылу