Израильде қақтығыстардан төрт мыңдай адам үйлерін тастап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде қақтығыстардан төрт мыңдай адам үйлерін тастап кеткен

04.07.2023

Израиль қауіпсіздік күштері Батыс жағалаудағы палестиналықтардың Дженин лагерінде рейдті жалғастырып жатыр. Әскери операцияның мақсаты – қарулы топтар мен олардың қару-жарақ қоймаларын жою.

Соңғы мәліметке қарағағанда, екі күнде он палестиналық мерт болып, төрт мыңдай адам үйлерін тастап кеткен.

Израиль 1967 жылғы соғыста Батыс жағалауды, Шығыс Иерусалимді және Газа секторын басып алды. Ал палестиналықтар бұл аумақтарды өздерінің болашақ тәуелсіз мемлекетінің территориясы деп есептейді.


Хабарламаларға жазылу