Токио су тасқынына дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио су тасқынына дайын емес

12.09.2018

Жапония астанасы Токио су тасқынына дайын емес. Бұл туралы сарапшылар мәлімдеп отыр. Олардың сөзінше, бір миллионнан астам тұрғын теңіз деңгейінен төмен аудандарда орналасқан.

Сондықтан, ел астанасына қауіп төніп тұр. Ал, бұл қаланың экономикасы тұтас Түркия немесе Нидерландтың экономикасынан асып түседі.

Сондай-ақ, мамандар 2020 жылы Токиода Олимпиада ойындары өтуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. 

Егер қалаға тайфун соққы берсе, жерасты метро жолдары өте төмен орналасқандықтан, олардың барлығын су басып қалуы  мүмкін. Сонымен қатар, 2,5 миллион адам қатер төнген аудандардан көшірілуі керек.

Айта кетсек, биыл шілде айында елдің батыс аймақтарында толассыз жауын су тасқыны мен лай көшкініне ұласып, 200 адамның өмірін қиған болатын. Ал, 1947 жылы Токиоға «Катлин» дауылы соққы беріп, шамамен 1000 адам жан тапсырған.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу