Африкалық елдерде Эболаға қарсы күрес күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Африкалық елдерде Эболаға қарсы күрес күшейді

11.09.2018

Көптеген Африкалық елдер Эбола дертімен әлі күресіп жатыр. Конго Республикасының шығысында Эсперансо Нзаваки есімді бір әйел жаңа вакцинаның көмегімен аурудан сауығып кетті. Мерк есімді дәрігердің жасап шығарған екпесі ауру енді басталғанда жәрдем береді екен.

Сондай-ақ, қазір жаңа емдеу әдісі бойынша науқастар арнайы салынған шатырларға орналастырылып, ем қабылдай бастаған. Әзірге эксперименталды үш емдеу түрі бар. Енді көптеген науқастардың асқынған дертті жеңуге де үміті пайда болды. 

Айта кетсек, соңғы жылдары Эбола ауруына қарсы күрес күшейе түсті. Ең алғашында дерт ошағы елде 1976 жылы пайда болған еді. Тек 2013-2016 жылдар аралығында Батыс Африканың өзінде 11 300 адам жан тапсырған. Ал биыл шілде айынан бері Конгода жаңа ошақтар пайда болып, 90 адам көз жұмған болатын. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу