Солтүстік Корея астанасында елдің 70 жылдығына арналған парад өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея астанасында елдің 70 жылдығына арналған парад өтті

10.09.2018

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда елдің 70 жылдығына арналған ауқымды әскери парад өтті. Оның ерекшелігі - биылғы шарада алғаш рет құрлықаралық баллистикалық зымырандар қатыстырылмай, тек зениталық және тактикалық ракеталар көрсетілген. Ал, мерекелік алаңға өзге ауыр техника шығарылған жоқ. Бұған қоса, мемлекет лидері Ким Чен Ын шеру кезінде сөз сөйлемеді.

Сарапшылардың пікірінше, солтүстіккореялық зымырандар шеру кезінде көрсетілсе, бұл Корей түбегінде соғыс жағдайын аяқтауға бағытталған келіссөздерге кері әсер ететін еді.

Биылдың маусымында Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп Корей түбегін ядролық қарудан тазарту туралы декларацияға қол қойды. Дегенмен, ол құжатта бұл шара қашан және қалай іске асырылатыны жазылмаған. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу