Олимпиада қарсаңында әскери шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада қарсаңында әскери шеру өтті

08.02.2018

Оңтүстік Кореяда Олимпиада ашылардан бір күн бұрын Солтүстік Кореяда ауқымды әскери парад өтті. Онда алыс қашықтыққа жететін баллистикалық зымырандар көрсетілсе керек. Бұған дейін ресми Сеул мәлімдегендей, Пхеньян әуежайы маңында 13 мың жауынгер мен 200-дей әскери техника тұрған. Және де оның бәрі шеруге дайындықты білдіруі мүмкін. Парад армияның 70 жылдығына арналды.

Жылда сәуірде өтетін шерудің неліктен бүгінгі ауыстырылғаны әзірге белгісіз. Бірақ, оңтүстіккореялық сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістің саяси астары бар. Мысалы, Солтүстік Корея әлемге өзінің қарулы күштерінің айбынын тағы да паш еткісі келген. Дегенмен, Олимпиада ұйымдастырушыларының сөзінше, бұл парад Пхенчханда ертең ашылатын Қысқы ойындарға ешқандай ықпал етпейді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу