Жерорта теңізінің жағалауынан 458 мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерорта теңізінің жағалауынан 458 мигрант құтқарылды

17.09.2018

Испанияға мигранттар әлі ағылып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Жерорта теңізінің жағалауында босқындар мінген кеме суға батып, 458 адам құтқарылды. Олар жағдайдың қиындығынан Отанын тастап, Еуропаға жетпек болған.

Жалпы, биыл Испания Еуроодақ елдері қатарында ең көп мигрант қабылдаған мемлекет болып отыр. Тек тамыз айының соңында бұл елге 33 195 босқын заңсыз кірген. Миграция бойынша халықаралық ұйым келтірген көрсеткіштерге сүйенсек, 2018 жылы қаңтар айынан қыркүйектің 12-не дейін Еуропа елдеріне бас-аяғы 74,5 мың мигрант заңсыз кірген екен.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу