Киев көшелерін дамылсыз нөсерден кейін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киев көшелерін дамылсыз нөсерден кейін су басты

26.07.2018

Украина астанасы Киев көшелерін дамылсыз нөсерден кейін су басты. Қала Италияның Венециясын еске түсіреді. «Лукьяновская» метро станциясы жанындағы жолдар өзенге айналған. Ал, кейбір көшелерде саудагерлердің күркелері, қолшатырлары және өзде де бұйымдары жүзіп жүр.

Трамвай, троллейбус тәрізді қоғамдық көліктер уақытша тоқтады. Кейбір жерлерде су сорғыштар істен шығып, су деңгейі айтарлықтай көтерілген. Бұл жағдайдан кейін тұрғындар Киевте жаңбыр суын жинап алатын құрылғылардың жетіспеу мәселесін шешу қажеттігін алға тартып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу