Нөсер жауыннан кейін елорда көшелері көлшікке айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нөсер жауыннан кейін елорда көшелері көлшікке айналды

10.08.2022

Нөсер жаңбыр елордалықтарды да әуре қылды. Бүгін қалада жауын құйып, көшелерді су басты.

Нөсерден кейін шаһарда кептеліс болып, көлік қозғалысы қиындады. Жаяу жүргіншілер жолын су басып, тұрғындар көшелерден әзер өтті.

Жаңбыр суын соруға 60-тан астам техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, кәріздер мен арықтардың арнасын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді әкімдік өкілдері.



Хабарламаларға жазылу